жұма, 23 қаңтар, 2026 18:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл мен Түркістанда жол ашылды — ҚазАвтоЖол

Жамбыл мен Түркістанда жол ашылды — ҚазАвтоЖол
istockphoto.com
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді

2026 жылғы 23 қаңтар күні сағат 10:00-ден бастап ауа райы жағдайының жақсаруына байланысты Түркістан облысы аумағында республикалық маңызы бар «Алматы–Ташкент–Термез» автожолының 534–593 шақырым аралығы қайта ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, Айша бибі ауылы мен Түркістан облысының шекарасы аралығындағы жол бөлігімен жеңіл автокөлік түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді. Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.

Жауапты қызмет өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар