дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 11:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда полиция тоқтатқан көлік ішінен 43 келіден астам марихуана табылған

Жамбылда полиция тоқтатқан көлік ішінен 43 келіден астам марихуана табылған
Фото - ашық дереккөз
Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жамбыл облысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, патрульдік полиция батальоны және кинолог мамандармен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі затын тасымалдаған 56 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Полицейлер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Қордай ауылы маңында «Mercedes-Benz» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

- Тексеру кезінде қызметтік «Сэм» атты иттің көмегімен автокөліктің артқы орындығынан өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар зат салынған үш ақ полиэтилен қап табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 43 келі 630 грамм болатын кептірілген марихуана екені анықталды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатып алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, - делінген ПД хабарламасында. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар