Елімізде
Жасанды интеллект: Енді әскери тәртіпті бұзғандар қалай анықталатыны айтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 2 қараша, 2024
- 241
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлім етті
Әскери тәртіпті бұзған немесе әскери жарғы талаптарын орындамаған сарбаздар жасанды интеллект арқылы анықталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Жасанды интеллект технологиясы аясында бейнежазбаға талдау жасау жүйесін енгізудің қанатқақты жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жоба арқылы әскери объектінің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, бөгде адамдарды анықтау, автокөлік нөмірін тану, адамдар топталып жинала бастағанын анықтау, қару сақтау бөлмесінде бақылауды күшейту, әскери объекті мен қоймалардың периметрін қорғау қамтамасыз етіледі», - деді Д. Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.