сейсенбі, 24 маусым, 2025 15:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жетісу облысында құны 10,5 млрд теңге болатын гидроэлектр станциясы іске қосылды

Жетісу облысында құны 10,5 млрд теңге болатын гидроэлектр станциясы іске қосылды
Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жетісу облысының құрылғанына үш жыл толуына орай өңірде жаңартылатын энергия көздерінің 18-ші нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ескелді ауданындағы Қора өзенінің бойынан салынған қуаты 26 МВт болатын ГЭС-3 нысаны толығымен жеке инвестиция есебінен — 10,5 млрд теңгеге жүзеге асырылған. Жоба аясында 21 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы билік өкілдері, инвесторлар мен саланың мамандары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов жобаның аймақтың энергетикалық қауіпсіздігіне, экологиялық тепе-теңдігіне және тұрақты дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті.

Станцияда орнатылған гидроагрегаттар Австрияда өндірілген және толықтай автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Ал алғашқы екі жылда техникалық қызмет көрсету жұмыстарын австриялық мамандар жүргізетін болады. Кейін жоба толығымен қазақстандық мамандардың басқаруына өтеді.

Қазіргі таңда Жетісу облысында жалпы қуаты 225,4 МВт болатын 17 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істеп тұр. Ал ГЭС-3 — осы бағыттағы 18-ші жоба. Жыл соңына дейін жалпы қуаты 20,6 МВт болатын тағы екі су электр станциясын іске қосу жоспарланған. Барлық жобалар жеке инвестиция арқылы жүзеге асырылуда.

Биылғы жылдың басынан бері облыс бойынша 247,3 млн кВт·сағ электр энергиясы өндірілсе, соның 191,8 млн кВт·сағ — жаңартылатын энергия көздерінен алынған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар