жексенбі, 11 қаңтар, 2026 8:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жоспарлы ротация: бірқатар өңірде полиция департаментінің басшылары ауысты

Жоспарлы ротация: бірқатар өңірде полиция департаментінің басшылары ауысты
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ротация нәтижесінде бірқатар лауазымдық тағайындаулар жасалды.

Жоспарлы ротация тәртібі аясында Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, Президент Әкімшілігімен келісу арқылы Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ІІМ басшысы Ержан Сәденовтің мәлімдеуінше, басшылық құрамды кезең-кезеңімен ауыстыру құқықтық тәртіпті күшейтуге, басқару сапасы мен қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ротация нәтижесінде бірқатар лауазымдық тағайындаулар жасалды. Атап айтқанда, көліктегі полиция департаментін басқарған полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы қызметіне кірісті.

Түркістан облысының полиция департаментін басқарған полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ал Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров Түркістан облысының полиция департаментін басқаруға жіберілді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментін басқарған полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Ақтөбе облысының полиция департаментін басқарған полиция полковнигі Абай Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқаратын болады.

Ұлытау облысының полиция департаментінің экс-бастығы, полиция генерал-майоры Қайыркен Алиев Ақтөбе облысының полиция департаментін басқаруға кірісті.

Ал Атырау облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев Ұлытау облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі аппаратының экс-басшысы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев Атырау облысының полиция департаментін басқару міндетін алды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар