жексенбі, 11 қаңтар, 2026 8:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Несиелер кешірілмейді: Агенттік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Несиелер кешірілмейді: Агенттік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
Canva
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Әлеуметтік желілерде несиелердің жаппай кешіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген", – делінген хабарламада.

Ведомство қарыз алушылар үшін банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлармен өзара әрекеттесудің бірыңғай тетігі бар екенін атап өтті. Осы механизм арқылы мерзімі өткен қарызды заң аясында реттеуге мүмкіндік бар.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар