жұма, 9 мамыр, 2025 10:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды

2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Монғолиядан, 1,9% – Ресейден және 2,2% басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

 

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, және 1,4% білім жоқ.

 

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

 

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

 

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударды.

 

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-ден 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

 

Жыл басынан бері 147 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 94 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар