Жыл соңына дейін 80 вокзал пайдалануға беріледі – Көлік министрлігі
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025
- 167
Вице-министрдің айтуынша, жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдар тарапынан таңдалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қазіргі уақытта 100 нысан бойынша жобалық-сметалық құжатама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қыс мезгіліне дайындық қамтамасыз етілген. Жолаушыларға арналған уақытша құрылыстар мен күту аймақтары әзір.
124 нысанның 121-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 3 вокзал бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары ретінде ғылыми-зерттеулер жағасуда. Ол нысандарға жөндеу 2026 жылы жүргізілетін болады», — деді вице-министр.
Вице-министр атап өткендей, вокзалдардың шамамен 70%-ы отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Техникалық тексерулер кезінде кейбір тіреуіш бағандар мен конструкцияларда жарамсыз ақаулар анықталған. Осыған байланысты 42 нысан толықтай қайта жаңартылды.
Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға берілмек, ал жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейту тапсырылды.





