Спорт
Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025
- 166
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті.
Финалда отандастарымыз Иран құрамасын 8:1 есебімен тізе бүктірді.
Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи 3:0.
Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






