жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҰҰ-дағы текетірес: АҚШ пен Қытай Украина мәселесіне байланысты дауласып қалды

БҰҰ-дағы текетірес: АҚШ пен Қытай Украина мәселесіне байланысты дауласып қалды
© Shutterstock / FOTODOM / lev radin
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Украинадағы соғысқа байланысты АҚШ пен Қытай арасында қызу пікірталас туындады.

Вашингтон Пекинді Ресейге көмектесіп жатыр деп айыптаса, Қытай бұл мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі ArbatMedia-ға сілтеме жасап. 

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы уақытша өкілі Дороти Ши Қытайдың Ресей агрессиясына жанама түрде ықпал етіп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Пекин экспортқа қатаң бақылау жүргізіп отырғанын айтқанына қарамастан, ресейлік дрондар мен қару-жарақтардан әлі де қытайлық бөлшектер табылып жатыр.

Қытай тарапынан жауап берген Гэн Шуан Пекиннің қақтығысқа қатысы жоқ екенін және ешбір тарапқа өлімге әкелетін қару-жарақ жеткізбегенін кесіп айтты.

— Біз АҚШ-ты Украина дағдарысына қатысты жауапкершіліктен жалтарып, басқаларды кінәлауды доғаруға шақырамыз. Оның орнына, Вашингтон атысты тоқтатып, бейбіт келіссөздерге ықпал етуде сындарлы рөл атқаруы тиіс, — деді Қытайдың өкілі.

Бұл текетірес екі алпауыт державаның Украина мәселесіне қатысты ұстанымдарының түбегейлі айырмашылығын тағы да айқын көрсетті.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар