Әлемде
Катар Трампқа 400 млн долларлық президенттік ұшақ сыйламақ
- авторБақытжан Бекболат
- 12 мамыр, 2025
- 132

Катар АҚШ президенті Дональд Трампқа жаңа президенттік ұшақ ретінде пайдаланылатын Boeing 747-8 ұшағын сыйға тартпақ.
Ұшақтың құны шамамен 400 миллион долларды құрайды. Бұл — АҚШ президентіне ұсынылған ең қымбат сыйлықтардың бірі саналады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ABC News-ке сілтеме жасап.
АҚШ Конституциясына сәйкес, президент шетелдік мемлекеттерден сыйлық алмас бұрын Конгресс мақұлдауы керек.
Ақпаратқа сәйкес, бұл ұшақ Трамптың президенттік мерзімі аяқталғанша мемлекеттік меншікте болады. Кейін ол президенттік кітапхана қарауына беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Индонезияда жанартау атқылады, күл бағаны 5,5 км-ге жетті
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025