Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Сенбіде Франция бойынша COVID-19 жұқтырған 10 мың адам тіркелді. Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Үкімет бір тәулікте осынша адамның вирус жұқтырғаны алаңдататын жағдай екенін мәлімдеді.
Сенбідегі ресми дерек бойынша, елде 10 561 науқас тіркелген, ал бір күн бұрын, яғни жұмада статистика 9 406 адамның вирус жұқтырғанын көрсетті. 17 адамның вирустан көз жұмғаны мәлім болды. Осылайша, барлығы 30 910 Франция азаматы вирустан қайтыс болды.
Медицина қызметкерлері мұны халықтың демалыстан жаппай оралуымен, мектептердің қайта ашылуымен байланыстырады. Премьер-министр Жан Кастекс коронавирус пандемиясына қатысты жағдайдың ушығып жатқанын, статистика вирустың әлі айлар бойы «мазалайтынын» көрсетіп отырғанын хабарлады. Осыдан біраз уақыт бұрын еуропалықтар өз қалаларында шектеулерге қарсылығын білдіріп, алаңдарға жиналған-ды. Нәтижесінде, Франция үкіметі жаппай карантин жарияламай, әлеуметтік қашықтық сақтау мен бетперде киюді міндеттеумен шектелді. Соңғы хабарлардан кейін де Франция үкіметі тарапынан қандай да бір шектеу не жаңа жоспардың қолға алынғаны туралы айтылған жоқ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Желмен жарысқан желаяқтар
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024