Трамп жылдар бойы салық төлемеген
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеген, - деп хабарлайды The New York Times газеті салық декларацияларына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Трамп 2016 жылы президент болған кезде 750 доллар табыс салығын төлеген. 2017 жылы да осы соманы төлеген.
"Ол табыс салығын соңғы 15 жылдың онында төлемеген - өзінің хабарлауынша, оның табысына қарағанда шығыны көп", - деп жазды басылым.NYT мәліметінше, ол үнемі айтатын кәсіпорындардың шығыны оны табыс салығын төлеуден айтарлықтай босатады. Президентті Trump National Doral Miami курорты мен Вашингтондағы Trump International Hotel қонақүйі шығынға батырған.
Трамптың өзі NYT ақпаратын жалған деді.Exclusive: The Times has obtained tax-return data for President Trump extending over more than two decades. It shows his finances under stress, beset by losses that he aggressively employs to avoid paying taxes and hundreds of millions in debt coming due. https://t.co/gstfYLEe5V
— The New York Times (@nytimes) September 27, 2020
"Бұлардың бәрі - фейк жаңалық. Мен салық төлеймін", - деді ол.Trump Organization қорғаушысы Алан Гартеннің айтуынша, "фактілердің көбі, барлығы дерлік нақты емес". Ол президент соңғы он жылда үкіметке ондаған миллион жеке салық төлегенін атап өтті.
tengrinews
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Шерағаң шерткен сыр
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024