Инвестиция игілігі: Жамбыл обылысында болат шығаратын зауыт жұмысы қарқынды жүріп жатыр
Жамбыл облысындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында металлургия саласындағы ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Бұл жерде толық өндірістік циклді металлургиялық комбинаттың құрылысы жүріп жатыр. Аталған жобаны Қытайдың Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. компаниясы жүзеге асырып жатыр.