бейсенбі, 12 маусым, 2025 14:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астана халықаралық форумы басталды

Астана халықаралық форумы басталды
Aqorda
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Астана-2025» халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумның ашылуымен баршаны құттықтап, шынайы ризашылығын білдірді.

«Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын!

Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр.

Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар