сәрсенбі, 28 мамыр, 2025 23:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қауесет пе, қауіп пе? Қазақстандағы "аптап ыстық" жайлы шындық

Қауесет пе, қауіп пе? Қазақстандағы "аптап ыстық" жайлы шындық
Pixabay.com
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Қазақстанда биыл бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болады деген бейнеролик тарап жатыр.

Онда бұл жағдай 60 жылда бір рет қайталанады деп көрсетіліп, Еуропа ғалымдары тұрғындарды 40–50 градусқа дейін жететін ыстыққа дайын болуға шақырғаны айтылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бұл жағдай Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь елдеріне де қатысты деген болжам айтқан.

Қазақстанда жазда аномальды ыстық болады деген қауесет жыл сайын пайда болады. Мұндай хабарлар 2023 және 2024 жылдары да тарап, кейін жалған екені анықталған.

Биылғы таралған видеоға қатысты «Қазгидромет» ресми түсінік берді.

– Қазақстанда ерекше ыстық болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз тұрғындарға тек ресми мәліметтерге сүйенуге кеңес береміз. Интернеттегі беймәлім дереккөздерге сенудің қажеті жоқ, – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар