Министрлік: Қазақстанда шенеуніктерге ChatGPT қолдануға тыйым салынбаған, бірақ ұсыныстар бар
- авторБақытжан Бекболат
- 16 мамыр, 2025
- 170

Бұл түсініктеме интернетте тараған ақпаратқа жауап ретінде берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрлік шектеу жоқ екенін растады, алайда мемлекеттік қызметшілерге мұндай технологияларды қолдануға қатысты бірқатар ұсыныстар берілгенін атап өтті.
"Біз мемлекеттік органдардың құпия деректерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Осы мақсатта 2024 жылы мемлекеттік секторда жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нұсқаулық бекітілді. Бұл құжат ұсынымдық сипатқа ие және мұндай технологияларды қолдану кезінде киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған", – делінген министрліктің хабарламасында.
Құжатта мемлекеттік қызметшілерге құпия ақпаратпен, қызметтік деректермен және азаматтардың жеке мәліметтерімен жұмыс істеу барысында туындайтын қауіптер туралы ескерту жасалған.