жексенбі, 7 шілде, 2024 19:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еңбегі жанған арулар марапатталды

Еңбегі жанған арулар марапатталды
ашық дереккөзі
Еңбегі жанған арулар марапатталды
Бір қолымен бесікті тербете отырып, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдер қай салада да белсенді. Бұл сөзімізді еліміздің іскер әйелдері сәт сайын дәлелдеп жүр. Шаңырақтарының шамшырағындай шырайын келтірумен қатар, өз саласында нәтижелі де табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер облыстық форумда бас қосты. Бұл форумға тек өз облысымыздың азаматтары ғана емес, ZOOM байланыс платформасы арқылы үкіметтік емес ұйымдар, ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы мен Қазақстанның әйелдер күштерінің Альянсының өзге өңірлердегі басшылары мен мүшелері де қатысты. «Еңбегі жанған арулар» тақырыбымен өткен облыстықәйелдердің форумында ел экономикасын дамытуға негізделген кәсіпкерлік, жас ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі қоғам бейнесі кеңінен сөз болды. Бұл басқосудың басты мақсаты да әйелдер көшбасшылығы мәселелеріне, нәзік жандылар мен балаларды қорғауға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қыз-келіншектердің қосып жатқан үлесіне қоғам назарын аударту, еңбек етуші арулар мен аналарға деген қоғамның құрметін, оң көзқарасын қалыптастыру еді. Форумға Жамбыл облысының әйелдер күштері альянсының төрайымы Гүлдара Нұрымова төрағалық етіп, ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы мен Қазақстанның әйелдер күштері Альянсының президенті Раушан Сәрсембаева еліне еңбегімен еленген ару аналарға алғысын айтты. Жаны нәзік, жолы жіңішке болса да ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген әйелдерге «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендіров, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Ынтықбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, «СПК Тараз» басшысы Олжас Қаржаов, «Дәмді себет» дүкендер желісінің басшысы Алмаз Түлтаев та ризашылық лебіздерін білдірді. Осы жиында халқына адал қызмет етіп жүрген азаматшалар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтсақ, «Мүбәрак Мөлдір» балабақшасының меңгерушісі Айман Садыкова «Аңыз әйел», төрт мүгедек баланы асырап алып тәрбиелеп отырған Шырыкүл Есімова «Ана даңқы», қоғам қайраткері Гүлсің Орынбаева «Үздік тәлімгер», «Берікқожа» шаруа қожалығының басшысы Әселкүл Дайрханова «Ерен еңбек», «Казфосфат» ЖШС-нің Тараз филиалының бас инженері Надежда Евдакова «Өндіріс үздігі», «Ақ мол» ЖШС-нің бастығы Зағира Мешелова «Халықтық марка», Талас аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Айтолқын Абдибекова «Білікті басшы», Сарысу ауданындағы балалар аула клубының дизайнері Құралай Берік «Жас қолөнер шебері», «Элай Құлан» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сәуле Әденова «Үздік әлеуметтік жоба», «Kaz ir Agro» ЖШС бас директорының орынбасары Марина Фетисова «Инновация үздігі», «Роза» шаруа қожалығының бастығы Роза Искакова «Агробизнес аруы», «Наурызбай» ЖШС басшысы Әлия Әубәкірова «Отбасылық бизнес», «Флагман» сауда үйінің басшысы Әйгерім Жилкибекова «Ел алғысы», «Қара алма» ЖШС жетекшісі Балагүл Махатова «Туризм жанашыры», Тараз қаласының Құрметті азаматы Оразкүл Тастемірова «Мейірімді жүрек», «Әулие Ата Феникс» ЖШС басшысы Фарида Жүнісова «Жылдың жетістігің», ақын Ғайни Абенова «Өнер шамшырағы» аталымдарына ие болды. Сонымен қатар, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Эльмира Мырза-Ғали басқаратын Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті қоғам игілігіне жасаған қызметі үшін Алғыс хатпен марапатталды.   Қамар Рахметуллина.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар