жексенбі, 8 маусым, 2025 2:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Цон» мобильді қосымшасындағы жаңа сервиске 3 аптада 4 500-ге жуық адам жүгінді

«Цон» мобильді қосымшасындағы жаңа сервиске 3 аптада 4 500-ге жуық адам жүгінді
Pixabay.com
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді

28 сәуірден бастап іске қосылған «ЦОН» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны есептейтін жаңа сервис азаматтар арасында жоғары сұранысқа ие болды. Жаңа қызметтің көмегімен азаматтар үйден шықпай-ақ әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшерін алдын ала есептей алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қызмет іске қосылған алғашқы үш апта ішінде бұл калькуляторды 4 470 адам пайдаланып үлгерген. Қазіргі таңда калькулятор арқылы 8 түрлі әлеуметтік төлем мен зейнетақы түрлерін 5 негізгі санат бойынша есептеуге мүмкіндік бар. Атап айтқанда:

Зейнетке шығу: базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы;

Бала туу: жүктілікке, босануға немесе бала асырап алуға байланысты табыстан айырылған кездегі төлем, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;

Мүгедектік: еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем;

Жұмыссыз қалу: жұмысынан айырылу кезіндегі әлеуметтік төлем;

Жақын адамынан айырылу: асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалатын төлем.

Аталған есептеулерді азаматтардың өздері енгізген мәліметтер негізінде жасалатын болғандықтан, нәтиже тек шамамен көрсеткіш болып табылады және ақпараттық сипатта беріледі. Ал нақты төлем көлемі тиісті мемлекеттік орган тарапынан өтініш берушінің нақты құжаттары негізінде есептеліп, тағайындалады.

Қызметті пайдалану үшін азаматтар алдымен «Цон» мобильді қосымшасын (Google Play немесе App Store арқылы) жүктеп алып, мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өтуі қажет. Кейін қажетті бөлімді таңдап, өз мәліметтерін енгізсе жеткілікті.

Жалпы, «Цон» мобильді қосымшасы – азаматтарға электрондық қызметтерді ыңғайлы және жедел түрде ұсынатын әмбебап цифрлық құрал ретінде дамып келеді.

Қосымшаның ең көп қолданылатын қызметтерінің бірі – ХҚКО-ға алдын ала кезекке жазылу функциясы. Апта сайын осы функция арқылы шамамен 60 000 электрондық талон беріліп, азаматтардың уақытын үнемдеуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға сеп болуда.

Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға тіркелу қызметі де кеңінен қолданылып жүр. Апта сайын теориялық емтиханға 8 000-нан астам, ал тәжірибелік емтиханға шамамен 7 000 адам жазылады. Сынамалық жүргізу тәжірибесіне тіркелу қызметін апта сайын орта есеппен 1 600 азамат пайдаланады.

Бүгінде «Цон» мобильді қосымшасын 670 000-ға жуық адам жүктеп, белсенді қолдануда. Бұл – елдегі цифрлық қызметтерді дамытудың нақты көрсеткіші.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар