жұма, 13 маусым, 2025 2:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шерзаттың өлімі: Сотта оқиғаның жан түршігерлік жай-жапсары айтылды

Шерзаттың өлімі: Сотта оқиғаның жан түршігерлік жай-жапсары айтылды
Фото: Жоғарғы сот
16 жастағы Шерзат Полаттың қаза табуына байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде алынған жауаптардың бір бөлігін жария етті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Онда Қаржаубай Нұрымов тергеушіге берген жауабында болған жайттарды былайша сипаттаған:

– Арасында болды, тепкіледі. Әрі қарай Нұрқанатқа пышақты кім тыққанын көрген жоқпын. Бірақ Нұрқанат сол жерде жатып қалды. Бірінші Нұрқанат менің балам Шерзатты қорғап, қойыңдар деп жатқан кезде, баламның артқы жағынан біреу пышақты тыққан. Балам артқа қарай отырып қалды. Сол жерде қан құсып жіберді, - дейді Қаржаубай Нұрымов.

Нұрымовтың айтуынша, Нұрқанатты ұрып-соққаннан кейін қалған жігіттер Шерзатқа қайта жабылып, оны да аяусыз соққыға жыққан.

– Сосын жанына барып, «не болды саған?» деп сұрағанымда, мына жағын көрсетті. Арқа тұсын. Қарасам, пышақ тыққаны көрініп тұр. Балам сол жерде жатып қалды. Қалған жігіттер Нұрқанатты ұрып-тепкілеп болғаннан кейін, менің баламды жабылып ұрды. Мылтықтың басымен ұрды. Ешқайсысы қарап тұрған жоқ. Бәрі тепкіледі, ұрды, соқты – дейді ол.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар