жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәні мәңгі мереке – Тәуелсіздік!

Мәні мәңгі мереке – Тәуелсіздік!
ашық дереккөзі
Мәні мәңгі мереке – Тәуелсіздік!
Ата-бабалардың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы ақиқатқа һәм қуанышқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен қасиетті күн – Тәуелсіздік мерекесі облыс орталығында «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қойып, осынау ұлттың ұлы арманы жолында жан берісіп, жан алысқан ардақтылардың рухына тағзым етуден басталды. Әрине тәуелсіздіктің баға жетпес киесі мен қасиетін сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Себебі ол бабалардың мәңгілік асыл аманаты. «Тәуелсіздікті алудан оны сақтап қалу қиын» деп Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, қасиетті егемендігімізді көздің қарашығындай қорғау бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Ал тәуелсіздік алған 29 жылдың ішінде еліміз сол парызын абыроймен өткеріп келеді. Оның ішінде жамбылдықтардың да үлесі зор деп айтсақ асып айтқандық болмас. Халқымыз бен өскелең ұрпақ сан салада сүбелі еңбек етіп, межелі мақсаттарға талпынып, тәуелсіздіктің өміршеңдігін мәңгілік елге айналдыру, дамылсыз дамыған алпауыт елдермен үзеңгі қағыстырып, иық тірестіру бағытында барын салып бағуда. Әрине ол талпыныс нәтижесіз емес, оның дәлелі осы уақыт аралығында жеткен толағай табыс, тірегі татулық пен бірлік екені айтпасақ та түсінікті. Осы ретте ел өмірінің бойтұмарына айналған тәуелсіздік мерекесі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған атқамінер азаматтар, ел ағалары һәм Жамбыл жұртшылығы таңсәріден «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне салтанатты сап түзеп, гүл шоқтарын қойды. Шара барысында патриоттық әуендер шалықтап, көпшіліктің рухын жігерлендірді. Нұржан Қадірәлі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар