жексенбі, 15 маусым, 2025 1:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СҚО-да блогерлер сауда желілерінен ақша бопсалағаны үшін бас бостандығынан айырылды

СҚО-да блогерлер сауда желілерінен ақша бопсалағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Pixabay.com
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сәйкес, екі блогер 50 миллион теңге бопсалағаны үшін нақты мерзімге сотталды.

YouTube-те тұтынушылар құқығын қорғауға арналған арна жүргізген блогерлер 2023 жылдың қарашасында ұсталған. Тергеу дерегі бойынша, олар "Магнум" және "Семейный" сауда желілерінің өкілдерінен рейдтерді тоқтату үшін ақша талап еткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2024 жылдың тамызында алқа билер соты айыпталушыларды ақтаған еді. Алайда жәбірленуші тарап пен прокуратура апелляцияға шағым түсірді. Қазан айында апелляциялық алқа алқа билерді іріктеу кезінде заң бұзушылықтар болғанын анықтады: олардың бірі айыпталушының әріптесі болған, ал екіншісінің анасы бұрын сотталған екен.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, сотталғандардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айтқандарымен, жасырын тергеу амалдарының нәтижелерімен және өзге де айғақтармен дәлелденген. Алқа билер соты блогерлерді жеті жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар