жұма, 20 маусым, 2025 9:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шерзатты өлтірді деген күдікті бет-жүзін көрсетуге келісті

Шерзатты өлтірді деген күдікті бет-жүзін көрсетуге келісті
Фото: видеодан скриншот жасалды
Бұл туралы Абзал Шынасылдың адвокаты Абенов мәлімдеді

Бүгін Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сотта басты айыпталушылардың бірі – Абзал Шынасыл өзінің келбетін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға келісім берді. 

«Біз келістік. Бұл кісі камераға түсіре берсін дейді. Ешқандай жасыратын ештеңесі жоқ. Бар шындықты айтамын деп отыр. Сондықтан камерадан бас тартпайды. Бізге отырып сұрақ қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз», - деді оның адвокаты.

Бұған дейін өзге күдіктілер – Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Белғожаев, Ілиясов және Такиев бет-жүзін көрсетпеуді сұраған еді.

Еске салайық, қылмыстық іс бойынша бірнеше адам жауапқа тартылып отыр. Сот процесі жалғасуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар