Қоғам
Шерзат ісі: Сарапшы жасөспірімнің өліміне не себеп болғанын мәлімдеді
- авторБақытжан Бекболат
- 23 мамыр, 2025
- 488

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі кезінде сот-медициналық сарапшы жасөспірімнің нақты неден көз жұмғанын айтты.
Сот-медициналық сарапшысы Мұхит Оразбекұлының айтуынша, зерттеу барысында сол жақ кеуде тұсынан еніп, шаншылып-кесілген жарақат анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Мен зерттеу жүргізген кезде сол жақ кеуде қуысына еніп, шаншылған, кесілген жарақат анықталды. Аталған жарақаттар артқы қолтық асты сызығының арасында орналасқан, 5 және 6-шы қабырғалардың ортасынан табылды. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін жарақаттаған. Сыртқы жарақаттың көлемі – 2 сантиметр. Жара арнасы бағыты арттан алдына қарай, солдан оңға қарай, біршама жоғарыдан төменге қарай орналасқан. Жарақат арнасының тереңдігі – 12 сантиметр, – деді сот сарапшысы.