жексенбі, 7 шілде, 2024 19:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жақсы қария – елдің бақ-дәулеті, ырыс-берекесі

Жақсы қария – елдің бақ-дәулеті, ырыс-берекесі
ашық дереккөзі
Жақсы қария – елдің бақ-дәулеті, ырыс-берекесі

Қадірменді аға буын өкілдері! Ардақты да абыройлы ақсақалдарымыз, құрметті қарияларымыз ұлттық ұлағатымыздың, текті болмысымыз бен салт-дәстүріміздің қалпын сақтап, елдіктің туын ұрпаққа табыстағандарыңыз үшін құрмет пен қамқорлық мерекесімен құттықтаймыз! Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Бабалардан «Жақсы қария – елдің бақ-дәулеті, ырыс-берекесі» деген аталы сөз қалған. Сондықтан да халқымыз үйдің төрін үлкендер үшін сайлап, «қария кетсе, бақ-дәулет, ырыс кетеді» деп оған ерекше мән берген. Ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың ықыласы ерекше. Тәрбиелі ұрпақ зерек те зейінді болып, бүкіл елдің мақтанына айналады. Міне, сондықтан өскелең ұрпақ Сіздерге арқа сүйеп, ақыл-парасаттарыңыз бен ақ баталарыңызды алуға ниеттенеді. Сіздердің өмірлік бай тәжірибелеріңіз жастарға қашан да үлгі-өнеге. Ал жас буын өздеріңізге ықылас танытып, сый-құрмет көрсетіп, шаруашылықта қолғабыс болуға қашанда дайын. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата жолы. Осы ұлы дәстүрді жаңаша жаңғырту, бүгінгі заман болмысына қарай тағылымы мол тәрбиелік үрдіске айналдыру біздің алдымыздағы мерейлі мақсаттардың бірі болмақ. Байтақ еліміздің баянды күнін сыйлағандарыңыз үшін бас иеміз. Еңселеріңіздің биік, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болсын! Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілейміз, отбасыларыңыз бен замандастарыңыздың ортасында атап өтетін мерекелі күндер көп болсын!

Бердібек САПАРБАЕВ, облыс әкімі

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар