Тараздағы тарихи кесенелердің айналасы тазаланды
- авторjambylinfo.kz
- 17 сәуір, 2024
- 500
Аталған акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атауға ие болды. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған.
Осыған байланысты, қаланың белсенді жастары мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелерінің маңайына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласына ағаш көшеттерін (тұт ағаштары) екті. Ауқымды науқан аясындағы жұмыс әлі де жалғасады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысында тазалық акциясы кезінде тарихи таңбалар табылды.
Айта кету керек, Президент тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы республика бойынша 8 сәуірде басталды. Акция бес аптаға созылып, әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. 13 сәуірге дейін созылған бірінші аптаның атауы «Таза өлке» болды: осы «жеті күн» ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғамдық қызметкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартып отырды. 20 сәуірге дейінгі апта «Киелі мекен» деп аталады және тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған. 27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» тақырыбында ағаш көшеттері отырғызылып, ағаштар әктеледі. 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға арналады. Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» атауымен су қоймалары - өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз