бейсенбі, 27 наурыз, 2025 6:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жетісу облысында екі балықшы құтқарылды

Жетісу облысында екі балықшы құтқарылды
Pixabay.com
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері суға батып бара жатқан екі балықшыны құтқарып қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы №13 өрт сөндіру бөліміне қоңырау түсіп, ескі қант зауытының тоғанында адамның суға кетіп жатқаны туралы хабар жеткен.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жағадағы судан шамамен 60 метр қашықтықта қайыққа жармасып тұрған екі адамды байқады», – делінген ресми хабарламада.

Құтқарушылар арқанның көмегімен қайықты жағаға тартып, балықшыларды судан алып шықты.

Белгілі болғандай, 63 және 38 жастағы екі азамат суға құтқару жилетін кимей шыққан. Солардың бірі қайықтан құлап кетіп, екіншісі оны құтқаруға тырысқанымен, өзі де судан шыға алмай қалған. Ақыры телефоны арқылы көмек шақырып үлгерген.

Судың суық болуына байланысты екеуі де қатты тоңған. Дәрігерлердің қарауынан кейін балықшылар үйлеріне қайтарылды.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар