дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы желіде тағы да жазба жариялады

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы желіде тағы да  жазба жариялады
Фото - ашық дереккөзден
Ол ұлына аналық өсиетін айтқан

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлына тағы да жан тебірентерлік хат жазды, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

"Алла амандық берсін! 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруін жазсын! Бүгініңді өткеннің уытымен, келешектің елесімен улама. Бүкіл әлем таңның атуы мен күннің батуы, елдер мен кенттер, мұхиттар мен теңіздер, кездесулер мен қоштасулар – сенің жүрегіңде! Жығылған мен сүрінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте», – деп жазды ұлына анасы.

Иә, ананың көңілі қашан да балада екені рас. Соның бір дәлелі анасы Қайрат қамауға алынған күннен бері толассыз  жазып жүргені. Ана жүрегінің әр  жазбасы ұлына деген ыстық ықылас пен ақылға тұнып тұр. Алайда желі қолданушыларының арасында мұны ерсі көретіндер де табылды.

«Не болды соншама?! Соғысқа кеткен жоқ қой», «Зарланып кетті ғой», «Ақылды қатын ба десем, не болды соншама жарияға жар салып. Проблемасы кімге керек?», «Хан сарайында жатқандай жатқан шығар Қайрат қайта» деп түрлі жазба қалдырды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар