сенбі, 23 қараша, 2024 6:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алаштың ақын аруын еске алды

Алаштың ақын аруын еске алды
ашық дереккөзі
Алаштың ақын аруын еске алды
Ұлбике ақын атындағы Талас аудандық мәдениет үйінде Ұлбике Жангелдіқызының туылғанына 195 жыл толуына орай республикалық ақындар айтысы өтті.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтіп жатқан дүлдүлдер додасы карантин талаптары сақтала отырып, көрерменсіз, тек қазылар алқасының қатысуымен онлайн жүйеде өтті.
Айтысқа ҚР Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова, халықаралық "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілері" одағы Жамбыл облысы филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайырбек Асанов халықаралық, республикалық ақындар айтысының бірнеше мәрте бас жүлдегері Күміскүл Сәрсенбаева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сабырғали Рысбаев және тәуелсіз сарапшы есебінде белгілі ақын Айтмұхамбет Исақов қазылық етті.
Айтыс нәтижесінде бас жүлдені байзақтық Алтынкүл Қасымбекова жеңіп алды. Ал жүлделі бірінші орынды Түркістан облысының ақыны Бекарыс Шойбеков иеленді. Байзақ ауданының жас ақыны Дархан Әбдіманап пен Қызылорда облысының ақыны Ержеңіс Әбдиев екінші орынды еншілесе, үшінші орынды таластық Нұржан Манатбек, шымкенттік Нұрлан Есенқұлов және байзақтық Рай Дөңбай қанжығалады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы тағайындаған жүлдесі мойынқұмдық жыр жүйрігі Ғабит Есдәулетовке бұйырды. Ал, облыстық халық шығармашылығының арнайы жүлдесі Дидар Апбасовқа табыс етілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар