сенбі, 18 мамыр, 2024 8:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Қазақша «Один дома». Қазақстанда балаларға арналған «Еркебай» фильмі прокатқа шықты

«Қазақша «Один дома». Қазақстанда балаларға арналған «Еркебай» фильмі прокатқа шықты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Еркебай» фильмі прокатқа шығады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Америкалық «Один дома» фильмін көрмеген ересек адам да, бала да жоқ шығар. Міне, енді отандық режиссерлер мен актерлер балаларға арналған «ЕРКЕБАЙ» атты кино түсірді.

Фильмінде бай баласының бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Вирус пен қоршаған ортаның зиянынан қорыққан ата-ана жалғыз ұлын үйден шығармай өсіреді. Экшн-комедия форматында түсірілген туынды шымшытырық оқиғаларға толы. Бір үйдің жалғыз, ерке баласы Еркебай қылмыскерлерге тұзақ құрып, көрерменді күлкіге қарық қылады.

Фильмде басты рөлді халықтың көзайымына айналған, талай туындыларда сәтті ойнап шыққан жас актер Расул Ғалымұлы сомдаған.

"Бұл мен үшін қызық әрі маңызды жоба болды. Бала күнімнен «Один дома» фильмінің барлық бөлімдерін көргем. Тіпті Кевиннің орнында болуды да армандадым. Міне, арманым орындалды. Қазақша «Один дома» яғни «Еркебай» жарыққа шықты", - дейді бала актер.

Экшн форматтағы комедияда әлемге әйгілі «Номад» каскадерлар тобы өнер көрсеткен. Фильмнің бюджеті 120 миллион теңге, режиссері Ернар Нұрғалиев.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар