Ұлы ақынның аттастарының көбі Түркістанда тұрады екен
Қазақстанда ұлт кемеңгері, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімін 18 586 адам алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде 18 бен 4 жас аралығында 8179 адамның есімі Абай.
Ал, 45 жастан асқан Абай 6 241 адам болса, 18 жасқа жетпеген 4166 бала ақынның есімімен аталды.
Ойшылдың аттастары ең көп шоғырланған облыс - Түркістан облысы. Мұнда 2050 Абай бар. Одан кейін Астана - 2021 адам. Алматы 1639 адам ақын атын еншілеген.
Абай Құнанбайұлы дүниеге келген өлкеде – 232 Абай бар екен.
2024 жылғы 1 шілдедегі санайғаққа сүйенсек, Қазақстан халқының саны 20 159 707 адамды құрады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала