дүйсенбі, 8 желтоқсан, 2025 17:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды

Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды
Фото: Instagram
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музыкант Иманбек Зейкеновке мемлекеттік марапатты салтанатты түрде табыстады.

"Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова да орден иегері атанды. Ал Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды", – деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында.

 


 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар