бейсенбі, 25 сәуір, 2024 19:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Капитан Байтасов». Тараздағы терактіде қаза тапқан Ғазиз Байтасов туралы фильм шығады

«Капитан Байтасов». Тараздағы терактіде қаза тапқан Ғазиз Байтасов туралы фильм шығады
Сурет ашық дереккөзден алынды
2011 жылы Тараз терактісінде 7 адам, соның ішінде бес полиция қызметкері қаза тапқан болатын

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жаңа киноөндіріс маусымы аясында жарыққа шығатын фильмдердің анонсын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, «Қазақфильм» осы маусымда Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен төрт, ал, мемлекеттен ақша алмай 5 фильм түсірмек.

Жаңа маусымда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Шырмауык», «Капитан Байтасов», «Соңғы парыз», «Здравствуй, добрый человек» атты төрт фильм түсірілмек. Айта кетейік, «Капитан Байтасов» атты кино 2011 жылы 12 қарашада Таразда террористі ауыздықтау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың өміріне арналмақ.

Ал, «Қазақфильмнің» мемлекеттен қаржы алмай түсіретін туындылары арасында «Мама», «Сказ о розовом зайце - 2», «Зейін», «Жабайы» және «Болмаған балалық шақ» фильмдері бар.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар