сейсенбі, 16 шілде, 2024 4:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мұнекеңе одан артық дәреже бере алмаймын». Қайнар Алагөзов Төреғалидың үстінен арыз жазғысы келген ақынға жауап берді

«Мұнекеңе одан артық дәреже бере алмаймын». Қайнар Алагөзов Төреғалидың үстінен арыз жазғысы келген ақынға жауап берді
Фото - ашық дереккөзден
Мұнайдар Балмолда бұған дейін эстарада жұлдызы әнін рұқсатсыз алғанын айтып, арызданған

Ақтөбелік ақын Қайнар Алагөзов Төреғали Төрәліге «әнін рұқсатсыз алғаны үшін» шүйліккен Мұнайдар Балмолдаға жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Еске сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын Төреғали Төрәлінің орындауында шыққан «Мұғалжар жылқылары» атты ән әлеуметтік желіде қатты таралды. Аталған әннің сөзін ақтөбелік Қайнар Алагөзов жазған. Алайда бұл ән бұрында шыққандықтан, ескі нұсқасының сөзін жазған Мұнайдар Балмолда «әнді рұқсатсыз алды» деп, әлеуметтік желіде шу шығарды. Осы мәселеге әншінің өзі емес, әннің сөзін жазған Қайнар Алагөзов жауап қатты. Оның сөзінше, әнді шығару идеясы «Қазақтың жылқылары» әнінің композиторымен келісілген.

  • Композитор Алтынбек Каресовтің әніне жазған менің өлеңім "Мұғалжар жылқылары". Қазақтың осы бір асыл тұқымды, таза қанды жылқысын қазақ халқына кеңінен насихаттайын деген ой болды. Және ол әнді Ұлы даламның текті перзенттерінің бірі, досым Ақ Төреш айтпағанда басқа кім айтады деп, мен ұсыныс тастаған болатынмын. Өлең ішінде осы "Мұғалжар жылқысының" асыл тұқымын сақтап қалған, үлкен ғылыми жоба авторы, ұлттың қадірлі ақсақалы, ғалым Серікбай Ырзабаевты да тілге тиек еткен едім. Сөйтсем, бұл әнге бірінші "Қазақ жылқылары" деп мәтін жазған ақын, Мунайдар ағамыз Төрештің үстінен арызданамын, болмаса қарғаймын деп жатыр екен. Біріншіден, біз бұл өлеңді музыкасын жазған Алтынбек Қаресовтың өз рұқсатымен жазғандықтан, Мұнекеңнің арыз-шағымы да, Аллаға тапсырдым деген қоқан-лоқысы да негізсіз деп ойлаймын. Екіншіден, қазақтың жылқылары, сиырлары, қойлары деген ән ақылға қонымсыз, жүрекке де жылы тимейтін сияқты. Үшіншіден, бір басына бірнеше ән арнаса да артықшылық етпейтін ұлттың қадірлі ақсақалын танымай, бір фермер санап тұрса, мен де Мұнекеңе одан артық дәреже бере алмаймын,- деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар