жексенбі, 24 қараша, 2024 5:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мен үшін үлкен мектеп болды»

«Мен үшін үлкен мектеп болды»
ашық дереккөзі
«Мен үшін үлкен мектеп болды»
Елдар БОРАНБЕК, облыстық халық шығармашылығы орталығының бас редакторы  

Пешенемізге жазылған бақыт болар, жоғары оқу орнын тәмамдаған соң еңбек жолымды облыстық «ARAI» газетінен бастадым. Студент кезімде талай мәрте редакциясына барып, өлеңдерімді қалдыратын «ARAI»-да қызмет ететінімді ойлағанда қуанышымда шек болмады. Себебі білгенінен білмейтіні көп, тәжірибесі жоқ жас маман, журналист үшін жастар басылымы үлкен мектеп.

Кез келген жастың алдыңғы буыннан қолдау күтетіні рас. Кейде жастыққа салынып кемшілікке жол беруің мүмкін. Түрлі себептермен ағат басуың мүмкін. Сондай сәттерде тура жолды нұсқап, бағдаршамдай дұрыс бағыт бере алатын жандар табылса қандай ғанибет! Өйткені жіберген қателігіңнен сабақ алып, келесі жолы қайталамайсың. Өкінішке қарай үлгі боларлық алдыңғы толқын жоқтан адасып жүрген жастар, замандастарым аз емес. Бұл ретте менің жолым болды деп есептеймін. Әлі есімде «ARAI» газетінің бас редакторы Дәулет Төлендінің алдында отырмын. Жұмыс барысына байланысты көп нәрсе айтылды. Тапсырма берілді. Әр тапсырма – үлкен жауапкершілік. Сондықтан көңілде қорқыныш та жоқ емес. Бірақ қорқуым бекер емес. Бас редактордың сондағы «Елдар, сенің қолыңнан келеді. Мен саған сенемін. Білмегеніңді келіп сұра, есігім әрдайым ашық» деп айтқан бір ауыз сөзі көңілдегі қорқыныштың бұлтын сейілтіп жібергені бар. Сөйтіп бас редактордың бөлмесінен мүлдем басқа адам болып шықтым. Кейін ұжымнан да дәл осындай қамқорлықты сезіндім. Келгеннен барлығы құшақ жая қарсы алып, білгендерін үйретті. Өмірде жолдас, сыйлас, сырлас болуға лайықты жандар таптым. Ешбірі жас деп шетке қақпай, керісінше жақын тартты. Әркез жігерімді жанып, алға жетелеп, тілеулес болды. Әрине мұндай жағдайда өзіңнің де жұмысқа деген ынтаң мен талпынысың, құлшынысың арта түседі. Сенімге селкеу түсірмеуге тырысасың. Дәл осындай жанашыр ортаға түсіп, адамгершілік, кәсіби біліктілік тұрғысынан үйренгенім көп болды. Сондықтан алдарыңызда мәңгілік қарыздармын. Он бес жылдық тарихында талай таланттың томағасын сыпырып, тұғырына қондырған «ARAI»-дың ақпарат айдынындағы мәртебесі әрқашан биік болсын! «ARAI»-мен бірге абыройларыңыз асқақтай берсін ардақты әріптестер!

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар