
Димаш Құдайберген Астанада концерт өткізбекші, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанның халық әртісі бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайысқа қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп жоспарланып отыр. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің Stranger атты жеке концертім өтеді", - деп жазды ол.
Өнер иесі билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері жарияланатынын және өзінің ресми аккаунттарыма назар аударып жүруді ескертті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Ақордада мәдениет пен өнер саласына арналған маңызды жиын өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025
Жамбылдық ақын Інжу Жаңабай республикалық айтыста бас жүлде алды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 сәуір, 2025