жексенбі, 13 сәуір, 2025 4:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Тоқаев Ақтаудың түркі әлемінің мәдени астанасы болуымен құттықтады

Президент Тоқаев Ақтаудың түркі әлемінің мәдени астанасы болуымен құттықтады
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Каспийдің жағасында үлкен тарихи оқиға – «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының ресми ашылу салтанаты өтті

Бұл мәртебелі шараға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдап, оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент өз құттықтауында Ақтаудың мұндай мәртебеге ие болуы – тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі түркі дүниесі үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Шежірелі Маңғыстау мен қазыналы Үстірт өңірі – түркі өркениетінің ажырамас бір бөлігі. Бұл киелі өлкеде сан ғасырлық рухани мұра сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас елдердің ынтымағын нығайту – бәрімізге ортақ міндет. Атаулы жылы бауырластығымызды бекемдейтін игі шаралар мен маңызды шешімдер қабылданарына сенемін», – делінген Президент хатында.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, түркі халықтарының ынтымақтастығына ұйытқы болып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан барлық тараптарға алғыс білдіріп, түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін деген ізгі тілегін жеткізді.

Ауқымды жиынға Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Венгриядан мәртебелі меймандар келді. Қарт Каспийдің жағасындағы думанды кешке 30 мыңға жуық көрермен жиналды. Олардың қатарында аймақ тұрғындары, еліміздің өзге өңірлерінен және шетелдерден келген қонақтар болды.

Айта кетейік, шараға 5 елден келген делегацияларды қоса алғанда, 30 мыңға жуық адам жиналды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар