Сарысуда Айтбай Назарбековтың ескерткіші ашылды
Сарысу ауданы Игілік ауылында кіндік қаны тамған көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Айтбай Назарбековтың ескерткіш-бюсті ашылды.
Айтбай Назарбекұлы шөл далада жатқан Мойынқұм ауданының негізін қалап, сол ауданды ширек ғасыр біліктілікпен басқарып, Мойынқұм ауданын шөлден ,, көлге ,, айналдырып, ел маxаббатына бөленген тұлға.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Елордадан арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Елбасы кеңсесінің басшысы Маxмут Қасымбеков пен ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева және ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтауын табыс етті.
Енді Айтбай Назарбекұлының асыл бейнесі туған жерінде өскелең ұрпаққа кісіліктің Темірқазығындай жол нұсқап тұратын болады. Ескерткіш-бюстің авторы – Алтай Бейсенов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тамызда түптелген төл туынды...
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Мәдениет министрі Аида Балаева халыққа үндеу жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024
Мәдениет
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024