сенбі, 23 қараша, 2024 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Ұлттық ойыншық-халықтың игілігі!» атты фестиваль өтті

Таразда «Ұлттық ойыншық-халықтың игілігі!» атты фестиваль өтті
ашық дереккөзі
Таразда «Ұлттық ойыншық-халықтың игілігі!» атты фестиваль өтті
Қазіргі кезде дәстүрлі ойыншық халықтық стильді білдіретін белгіге айналды. Балалар ойынында – бұл тәрбие құралы, салттық тәжірибеде – мәдени атрибут, ал фольклорлық театр қойылымдарында-театрландырылған қойылымның кейіпкері. Қуыршақтың этникалық образы әр халықтың  өз бейнесімен және ұқсастығымен жасалады. Дизайн ерекшеліктері, таңдалған материалдар, сондай-ақ қуыршақтың көркемдік экспрессивтілігіне қол жеткізу әдістері белгілі бір этникалық немесе аймақтық дәстүрлерді көрсетеді. Ойыншықтар күнделікті тұрмыстық қажеттіліктен туатындықтан халық шеберлері табиғат берген: саз, сабан, ағаш және т.б. нәрселерді пайдалан отырып қуыршақ дайындаумен әр этностың мәдени өткенімен байланыстырады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың қазан айында «Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті» энциклопедиясын шығару және шығарылатын энциклопедия негізінде интерактивті карта жасау жобасы аясында  «Ұлттық ойыншық - халық игілігі» деген тақырыпта фестиваль өткізді. Іс-шараның мақсаты - халықтық ойыншықтарды ұлттық мұра ретінде жаңғырту,  сол арқылы әр халықты өз этносының дәстүрлерімен таныстыру. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының  белсенділері, барлығы 30 адам - балалар мен ересектер қатысты. Фестиваль екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде концерттік қойылым өткізілді. Мұнда домбырашы Малдыбаев Рүстембек Аманбайұлының орындауында қазақ ұлттық өнері-ортекемен күй тарту көрсетілді.  Бүгінде ортеке туралы барлығы біле бермейді. Арнайы жіптер жалғанған қуыршақ-марионетка  домбырашының күй ырғағына қарай қозғалыста тұрады. Ағаштан жасалған қуыршақтың  домбыра және дауылпаз сынды ұлттық аспаптарға жалғанған бұл түрі синтетикалық өнерден туындаған бұйымға жатады. Қазақстандағы зооморфтық бейнелерді бейнелеу дәстүрі ежелгі дәуірдің петроглифтерінен бастап қазіргі дәстүрлі қазақ ою-өрнектеріне дейінгі ең көне тарихқа ие. Ортеке - қазақ халқының музыка, ойын, қолданбалы, қолөнер және бейнелеу сынды түрлі салт-дәстүрлерін сипаттайтын қуыршақ. Сондай-ақ, фестивальде Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өнер көрсетуі ұсынылды, онда бірлестік өнершілері ұлттық қасықтармен түрлі музыкалық композициялар орындады.  Музыкалық қасық - орыс мәдениетінің ажырамас бөлігі, орыс этносының ұлттық мұрасы және орыс этносының өзіндік дәстүрлік  ерекшелігін, көркемдік талғамын және шығармашылығын дәріптейтін құрал. Сонымен қатар, іс-шараға № 39 «Балдәурен» балабақшасының  қуыршақ театры мен бүлдіршіндері қатысты. Орымбаева Әсел, Партабекова Индира және Борбаева Ұлжанның орындауында «Қара жорға» биі тамашаланды. Қуыршақ театрының этностар арасында қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар екенін атап өткен жөн. Орталық Азияның қала тұрғындарының сүйікті ойын-сауығы қуыршақ театры  саналып, оның қойылымдары мереке күндері базар алаңдарында ұйымдастырылып отырған. Бұл қойылымдар мұсылман державалары билеушілерінің съезі, түрлі мерекелері мен ойын-сауықтарында  әзіл-оспақтармен күнделікті тіршіліктерін бейнелейтін болған. Сондай-ақ, дәстүрлі театрда қолғап қуыршақтары да қолданылды, оларды әдетте бір адам әр түрлі дауыстармен кейіпкерлердің репликаларына сәйкес ойнатады. Концерт іс-шараға қатысушы балаларға арналған ғажайып сабын көпіршіктерімен аяқталды. Фестивальдің екінші кезеңі балалар керамикасына арналған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» республикалық мұражай-қорығының экспозициясымен ұсынылды. Саз қолөнерінің тарихы біздің ата-бабаларымыздың табиғатпен тығыз байланыста болғанын және саздан жасалған сол элементтерді аса құрметтегені ежелгі заманнан бастау алады. Алдымен құстар мен жануарлардың кейпі  көңілсіз бейнеленіп, олар діни заттар тұрғысында саналды. Кейіннен, ескі нанымдар тоқтатылған кезеңде, саз фигуралары балалар ойыншықтарының арсеналына айналды. Қазақтар үшін бұл шамдар мен жануарлар түріндегі тұрмыстық заттар болса, өзбектер мен тәжіктерде балалар ойыншықтары мен мүсіндер болды: аспак (жылқы), шер (арыстан) маймун (маймыл), хуштак (ысқырық), сансыз фантастикалық аңдар. Кавказ халықтарының шеберлері де балаларға өз ойыншықтарын мүсіндеді: сазды ысқырықтар сыртқы құстар мен жануарлар түрінде дүниеге келді, беті қарапайым өрнекпен қашалып  безендірілген (сақиналар, ромбтар, қой мүйізі түріндегі бұйымдар және т.б.), ал әзірбайжандарда жануарлардың бейнесі белгіленген ойыншықтар көбірек орын алды. Бұған қоса, көрмеде ҚХА шеберлері клубының мүшелері: Клименко Любовь Николаевна, Площенко Вера Евгеньевна, Хабарова Ольга Алексеевналар дайындаған дәстүрлі халық ойыншықтары көрсетілді. Айта кету керек, көптеген халықтар арасында дәстүрлі ойын қуыршақтары үлкен маңызға ие болды. Қазақтар мен Орта Азия халықтарында дәстүрлі қуыршақтар ағаштан және мата қиындыларынан (шыт, жібек, барқыт және т.б.) жасалған. Қуыршақтардың бет-ауызы түрлі-түсті жіптермен  кестеленіп тігілетін болған. Шаштары жіптерден немесе жылқының жалынан жасалды. Сондай-ақ көрмеде Мырзамбетова Сәрсенкүл, Жанаева Аманкүл Серікбайқызы, Медведцкая Елена Владимировнаның заманауи ойыншықтары  ұсынылды. Фестиваль іс-шараға қатысушыларға алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтар таратумен аяқталды.  width= width= width= Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар