жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық әртістер Индонезиядағы фестивальде өнер көрсетті

Қазақстандық әртістер Индонезиядағы фестивальде өнер көрсетті
Мәдениет және ақпарат министрлігі
2025 жылдың 6 шілдесінде Индонезия астанасында «Indonesian Ballet Gala» фестивалі өтті.

Абай атындағы опера және балет театры әртістері Индонезиядағы фестивальде өнер көрсетті, деп жазады Jambylinfo.kz 

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген балет жұлдыздары қатысты. Іс-шара аясында екі ауқымды гала-концерт өтті. Оған Нидерланд, Шотландия, Филиппин, Украина, Италия, Жапония және Индонезияның жетекші хореографиялық ұжымдары қатысты. Фестивальге Қазақстан атынан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының мақтаныштары Жанель Түкеева мен Богдан Вербовой қатысты. Әртістер «Дон Кихот» балетінің үшінші актісінен Pas de Deux қойылымын орындап, көрермен көңілінен шықты.

Отандық өнерпаздардың кәсіби шеберлігі, сахналық образы көпшіліке ерекше әсер етіп, кештің көркін кіргізді. Қазақстан балет мектебінің әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлігі тағы бір мәрте мойындалды. «Indonesian Ballet Gala 2025» фестивалі өнердің түрлі мәдениетті біріктіріп, миллиондаған адамға шабыт сыйлай алатынын дәлелдеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар