жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық фильм Италияда жүлделі болып, Оскарға ұсынылды

Қазақстандық фильм Италияда жүлделі болып, Оскарға ұсынылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына Салу» фильмі Италияның Иския аралында өткен 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Туынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Фильм бұған дейін:

Asia Pacific Screen Awards-та «ең үздік жастар фильмі» атанды,

Baku International Film Festival-де бас жүлде жеңіп алды,

Cinema Heritage Festival (Франция) байқауында арнайы марапатқа ие болды,

Asia World Film Festival-да оператор Жанарбек Елеубек «Үздік оператор» атанды.

Сонымен қатар фильм «Оскар-2025» сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша Қазақстан атынан ресми ұсынылды.

Фильм сюжеті бойынша бала дәстүрлі «бауырына салу» жолымен әжесінің қолында өседі. Әжесі өмірден өткен соң, ол ата-анасына оралып, жаңа ортада бейімделу қиындықтарымен бетпе-бет келеді.

2003 жылы негізі қаланған Ischia Film Festival – Еуропадағы ең көркем және ерекше фестивальдердің бірі. Ол ортағасырлық Арагон сарайының аумағында өтеді. Фестивальдің басты ерекшелігі – киноның көрнекі ортасына және түсірілім орындарының көркемдік рөліне назар аудару. Соның арқасында әрбір фильм мәдени және табиғи кеңістік контекстінде қарастырылады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар