жұма, 27 желтоқсан, 2024 21:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Қолөнер – халық қазынасы» атты көрме өтті

Таразда «Қолөнер – халық қазынасы» атты көрме өтті
ашық дереккөзі
Таразда «Қолөнер – халық қазынасы» атты көрме өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында «Қолөнер – халық қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрме қолөнершілердің туындыларын көпшілікке таныту, жергілікті қолөнершілерді қолдау, шығармашылығын насихаттау мақсатына негізделді. Көрме барысында Туғанай Жолақованың туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Өңірімізге танымал қолөнершінің өзінің және шәкірттерінің қолынан шыққан кәдесый, киіз үй, ұлттық нақыштағы киімдер сынды туындылар қамтылған көрме сақтық ережелерін сақтау арқылы БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асты.
Туғанай Жолақова – «Би-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, кәсіпкер, қолөнерші. «Би-Дәулет» ЖШС 1993 жылы құрылған. Қызметінің негізгі түрі – қазақ киіз үйлерін дайындау, ішкі және сыртқы жабдықтарын дәстүрлі ұлттық нақышта безендіру. Ұлттық киім «қыз жасауы» , ұлттық кәдесыйлық бұйымдар жасаумен айналысады.
«Би-Дәулет» ЖШС өндіріс цехының өнімдері бірнеше рет халықаралық көрмелерде (Франция, Швейцария) көрсетілген.
Айта кетерлігі, "Қолөнер - халық қазынасы" атты көрме тамыз-қараша айларының әр сәрсенбісі сайын өз мақсаттарына сәйкес онлайн форматта дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар