«Қызым - музам, жолдасым - сыншым»: Мархаба Сәби хит әндерді қалай жазатынын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 30 қазан, 2024
- 443
Белгілі сазгер, әнші, ақын Мархаба Сәби "1001" бағдарламасына сұхбат беріп, шығармашылығы мен жеке өміріндегі жаңалығын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазіргі таңда әншінің «Демаламын» атты авторлық туындысы хит болып жатыр.
Осы орайда, әнші әр адам, соның ішінде ерлі-зайыптылар бір-бірінен жиі демалып тұру керегін тілге тиек еткен.
"Шынында, махаббат сезімі лаулап тұрғанда ғашықтар бір-бірінен жалықпайды. Ал отбасы болған соң бәрі басқаша болады ғой.
Мысалы, күйеуім менен шаршап кетсе, мен қызымды алып, төркініме кетіп қаламын. Немесе менен жолдасымнан жалығып, күйбең тіршіліктен шаршасам, күйеуім қызымды алып, бір жаққа кетіп қалады. Мен үшін демалыстың төресі - жалғыз қалып, ән шығару, шығармашылықпен айналысу", - дейді Мархаба Сәби.
Сондай-ақ, әнші соңғы жылдары тапсырыспен ән, әнге мәтін жазбайтынын, тек жан рахаты үшін шығармашылықпен айналысатынын алға тартып, кейбір туындылары араға жылдар салып, жарыққа шығатынын айтты.
«Қызым - музам, ал сыншым - жолдасым. Өнер адамы ғана өнер адамын түсінеді. Менің күйеуім де сазгер, домбырашы. Ол да өнер адамы. Сол себепті, мені қолдайды, ақылын айтады. Барлық тақырыпты бірге отырып талқылаймыз", -дейді әнші ағынан жарылып.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Биыл Шу ауданында 6 спорт алаңшасы бой көтереді
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024