сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жарылқамай жатқан өлі аруақ жоқ». Белгілі жыршы Мұхтар Ниязға айтыстағы мансабын аяқтау керектігін ескертті

«Жарылқамай жатқан өлі аруақ жоқ». Белгілі жыршы Мұхтар Ниязға айтыстағы мансабын аяқтау керектігін ескертті
Фото - ашық дереккөзден
Өйткені тіс қаққан ақын жастарға жүлде алуға мүмкіндік бермей жүргенге ұқсайды

Белгілі жыршы Берік Жүсіп айтыскер ақын Мұхтар Ниязға айтыстағы мансабын аяқтауға кеңес берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әлеуметтік желідегі «Қандауыз» атты жазбасында Берік Жүсіп Мұхтар Ниязды Өзбекстандағы айтыста бас жүлде алуымен құттықтап, оның төл өнердің дамуына қосқан үлесін атап өткен. Сонымен қатар, айтыста талай жылдан бері келе жатқанын, үзеңгілес бастаған ақындар қазір мансабын аяқтап кеткенін еске салды. Осылайша айтысты қойып, жастарға жөн көрсету керектігін тұспалдады.

  • Біз білетін сол Мұхтар қай бәйгесін де біреуге бірдеңе беріп алып жүрген жоқ, Жетес би атасы құсап «тілімен орап», жеңіп алып жүр! Десе де, білетін шығарсың, бұрынғы сейістер бәйгелі жүйрікті уақыты келгенде өздері тоқтатады екен. Кәнігі аңсақтар «Шелегім толды…» деп аңға шығуды амалсыз қояды деп естуші едік. Мұның сөз өнері — айтысқа қаншалықты деңгейде ара ағайындыққа жүретінін һәм қатысының бар-жоғын біліңкіремеймін. Әйтеуір, алдағы бес жылдықта жалығып өзің қоймасаң, болмаса алдыңнан бір жалманды бала кесе-көлденең шығып қалмаса, айтыс алаңында саған бөгесін болатын әзірге ешкімнің төбесі көрінбейді. Білегін көкке көтергенде «талайдың жүрегін зырқ еткізген, артқы жағын тырқ еткізген» Жылқаман атаң әбден үлкейген шағында, «Мына жарық жалғанда арманың болды ма?» дегенде, «Түтінін түтініне қостым-ау, бірақ дауысын дауысына қоса алмадым» депті ғой, тіпті дәретке отырса да қолынан түспеген Ақшолақ мылтығы жайында,- дейді Берік Жүсіп.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар