Без рубрики
14 орманшының өмірін жалмаған өрт: Семейдегі апаттың себебі анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2023
- 202
14 орманшының өмірін жалмаған өрт: Семейдегі апаттың себебі анықталды
"Семей орманы" резерватындағы алапат өрттің себептерін тергеу жөніндегі арнайы комиссия өз қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев брифинг барысында арнайы комиссия Абай облысындағы орман өртінің себебін анықтағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, комиссия құрамына мемлекеттік органдар кірген.
Өрттің себебі
"Арнайы комиссияның қорытындысы бар, онда өрттің тұтануына құрғақ найзағай себеп болғаны анық көрсетілген. Бұған дәлел бар – өртті тарауына себеп болған жеке ағаш. Бұл ресми нұсқа және біз оны ұстанамыз", - деді министр.Қасақана өртеу емес Нысанбаев Қазақстанда орманды қасақана өртеу фактілері болғанын мойындады. Алайда Абай облысында болған оқиға табиғи құбылыстардың салдары екенін айтты.
"Негізінен дала өрттері қасақана қойылады деп айту дұрыс емес. Статистика көрсеткендей, орман өрттерінің 70%-ы – ауылшаруашылық өрттерінің нәтижесі. Менің тәжірибемде Семей облысында жұмыс істеген шағымда тәулігіне 25 құрғақ найзағай болатын еді", - деді министр.Ормандағы алап өрт Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында 8 маусымда өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды. Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды. Бұдан бұрын Бас прокуратура орман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала