Жаңалықтар
Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы 27 млрд долларға жетті
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2023
- 193
Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы 27 млрд долларға жетті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысының дерегінше, Ресейден Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысуы бар 42 мыңнан астам кәсіпорынның жартысына жуығын, 19 мыңын ресейлік компаниялар құрап отыр.«Осынау алаң 20 жылдың ішінде өзінің қажеттілігі мен тиімділігін көрсетіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді стратегиялық серіктестіктік нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Жалпы, біздің сауда-экономикалық, инвестициялық саладағы, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимылымыз жылдан-жылға тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Мәселен, екіжақты тауар айналымы бүгінде 27 млрд долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш», - деді Қазақстан президенті.
«Біз экономиканың барлық салаларында – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте, инфрақұрылымда өзара іс-қимыл жасаймыз. Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан деңгейін атап өткім келеді. Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитінің жақында іске қосылуы маңызды оқиға болды. Бұл жоба Орталық Азиядағы өңірлік тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуда шешуші рөл атқарады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024