сенбі, 23 қараша, 2024 10:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев ер азаматтарды 2024 жылы әскерге шақыру мерзімін бекітті

Тоқаев ер азаматтарды 2024 жылы әскерге шақыру мерзімін бекітті
ашық дереккөзі
Тоқаев ер азаматтарды 2024 жылы әскерге шақыру мерзімін бекітті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімін өткерген әскерлерді запасқа шығарып, биыл азаматтарды әскерге шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Қаулыға сәйкес, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығады. Сонымен қатар, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап, яғни, бүгіннен бастап заңды күшіне енді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар