сенбі, 23 қараша, 2024 7:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ұрайын деген ойым жоқ еді". 103 қызметкерін соққыға жыққан ер адам бейнеүндеу жариялады

"Ұрайын деген ойым жоқ еді". 103 қызметкерін соққыға жыққан ер адам бейнеүндеу жариялады
ашық дереккөзі
"Ұрайын деген ойым жоқ еді". 103 қызметкерін соққыға жыққан ер адам бейнеүндеу жариялады
Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан азамат Нұрболат Дәкебаев полицияға өз еркімен берілердің алдында бейнеүндеу жариялаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Ол бейнежазбасында өзі ұрған адамнан және бүкіл қазақстандықтардан кешірім сұраған. Сөзіне сенсек, біреуге зәбір көрсетейін деген ойы болмаған және істеген әрекеті ұятына маза бермеген.
«Барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – дейді Дәкебаев.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері оны Қарағандыдан  200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен қолға түсірген болатын. Тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар