Жаңалықтар
Ұлттық қордан түскен 100 долларды шотына аударған алғашқы бала Таразда тұрады
- авторjambylinfo.kz
- 1 ақпан, 2024
- 292
Ұлттық қордан түскен 100 долларды шотына аударған алғашқы бала Таразда тұрады
Тараз қаласындағы оқу орындарының бірінде екінші курста білім алатын 18 жастағы Диас Болат БЖЗҚ-дан өз жинақтарын алу үшін елімізде ең бірінші болып шот ашқан адам, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ол қордан түскен қаржысын Отбасы банкіне депозитке салып, үй алуға ақша жинауды жоспарлап отыр.
Ал шымкенттік 18 жастағы Дастан Ахмет enpf-otbasy.kz платформасынан шот ашып қана қоймай, БЖЗҚ-дан жинаған ақшасын сұрап та үлгерген. «Отбасы банкіндегі» шотына қаражат аударылған бойда ол оқу ақысының бір бөлігін төлей алады. Болашақ ІТ маманы ақылы бөлімде білім алып жатыр.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қорда жиналған ақшасын пайдалана алады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз