дүйсенбі, 7 қазан, 2024 17:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бункерден шыға алмаған». Қостанайдағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза болды

«Бункерден шыға алмаған». Қостанайдағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза болды
Фото: instagram.com/iagorodkz
Жағдайға байланысты ТЖД пікір білдірді

Қостанай облысындағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оқиға Рудныйда болған. Жұмысшылар ұн комбинатындағы бункерде қаза тапты. Оны тазалау кезінде төтенше жағдай болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

Төрт жұмысшы бункерге түсіп, қайта шыға алмаған. Бункердің тереңдігі бес метр болады. Оқиға туралы 112 пультіне хабарланды.

"Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері дереу келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері өлім дерегі туралы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар